Python тілінде сандарға қолданылатын операциялар, шартты өрнектер

Пән: Алгоритімдеу және бағдарламалау

Курс тақырыбы: №2. Python бағдарламалау тілі
Сабақтың тақырыбы: №6 Сандарға қолданылатын операциялар, шартты өрнектер


Меншіктелген арифметикалық операциялар

Кейбір арнайы операциялар операция нәтижесін бірінші операндқа меншіктеуге мүмкіндік береді:

  • +=

Қосынды нәтижесін меншіктеу

  • -=

Азайту нәтижесін меншіктеу

  • *=

Көбейтінді нәтижесін меншіктеу

  • /=

Бөлінді нәтижесін меншіктеу

  • //=

Бүтін бөліндінің нәтижесін меншіктеу

  • **=

Санның дәрежесін меншіктеу

  • %=

Бөлінді қалдығын меншіктеу

Операциялар мысалдары:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

number = 10

number += 5

print(number)  # 15

 

number -= 3

print(number)  # 12

 

number *= 4

print(number)  # 48

Шартты өрнектер

Кейбір операциялар шартты өрнектерді білдіреді. Бұл операциялар екі операндты қабылдап,  boolean типіндегі логикалық мәнді қайтарады. Тек екі логикалық мән ғана бар: True (ақиқат) және False (жалған).

Салыстыру операциялары

Python келесі салыстыру операцияларын қолдайды:

  • ==

Егер екі операнд тең болса, True мәнін әйтпесе False мәнін қайтарады.

  • !=

Егер екі операнд тең ЕМЕС болса True мәнін қайтарады, әйтпесе False мәнін қайтарады.

  • > (үлкен)

Егер бірінші операнд екіншісінен үлкен болса True мәнін қайтарады.

  • < (кіші)

Егер бірінші операнд екіншісінен кіші болса True мәнін қайтарады.

  • >= (үлкен не тең)

Егер бірінші оператор екіншісінен үлкен не тең болса True мәнін қайтарады.

  • <= (кіші немесе тең)

Егер бірінші оператор екіншісінен кіші не тең болса True мәнін қайтарады.

Салыстыру операторларына мысалдар:

a = 5

b = 6

result = 5 == 6

print(result)  # False

print(a != b)  # True

print(a > b)  # False

print(a < b)  # True

 

bool1 = True

bool2 = False

print(bool1 == bool2)  # False

 

Логикалық операциялар

Құрама шартты өрнектерді құру үшін логикалық операциялар қолданылады. Python-да келесі логикалық операторлар қолданылады:

 

  • and (логикалық көбейту)

егер екі өрнек те True мәніне тең болса, True қайтарады.

1

2

3

4

age = 22

weight = 58

result = age > 21 and weight == 58

print(result)  # True

 

1

2

3

4

5

age = 22

weight = 58

isMarried = False

result = age > 21 and weight == 58 and isMarried

print(result)  # False, так как isMarried = False

  • or (логикалық көбейту)

Егер кем дегенде екі өрнектің біреуі True-ге тең болса, True мәнін қайтарады.

1

2

3

4

age = 22

isMarried = False

result = age > 21 or isMarried

print(result)  # True, себебі age > 21 тең True

  • not (логикалық «емес»)

Егер өрнек False-қа тең болса,  True мәнін қайтарады

1

2

3

4

age = 22

isMarried = False

print(not age > 21)  # False

print(not isMarried)  # True

Егер бір өрнекте бір мезгілде бірнеше логикалық операторлар орындалсағ олардың приоритеті әр түрлі екенін ескеру керек.

Алдымен not операторы, содан кейін and және соңында or операторы орындалады.

1

2

3

4

5

age = 22

isMarried = False

weight = 58

result = weight == 58 or isMarried and not age > 21  # True

print(result)

Мында есептеулер келесідей жүргізіледі:

  1. not age > 21 тең False
  2. isMarried and False (not age > 21) тең False
  3. weight == 58 or False (isMarried and not age > 21) тең True

Есептеулердің ретін ауыстыру үшін біз жақшаларды қолдана аламыз:

1

2

3

4

5

age = 22

isMarried = False

weight = 58

result = (weight == 58 or isMarried) and not age > 21  # False

print(result)

Автор публикации

не в сети 2 недели

Gulmira85

0
Комментарии: 0Публикации: 4Регистрация: 07-02-2019

Добавить комментарий