if шартты құрылымы

Сабақтың тақырыбы: №7 if шартты құрылымы

Шартты құрылымдар шартты өрнектерді қолданады және олардың мәндеріне байланысты әрекеттердің бірін орындайды.

if шартты құрылымының жазылу форматы келесідей:

 if логикалық_өрнек:

инструкциялар

[elif логикалық_өрнек:

инструкциялар]

[else:

инструкциялар]

 

Мысалы:

age = 22

if age > 21:

print(“Енуге рұқсат”)

print(“Жұмыс соңы”)

 

# Енуге рұқсат

Жұмыс соңы

 

Азат жол 4 немесе 4-ке еселі бос орыннан тұру керек. «Жұмыс соңы» хабарламасын шығаратын жол азат жолдан басталмайды, яғни ол if блогына кірмейді.

Егер шартты өрнек False болғанда альтернативті шешім қажет болса, else блогын қолдануымызға болады:

 

age = 22

if age > 21:

print(“Енуге рұқсат”)

else:

print(“Енуге рұқсат жоқ”)

 

Егер бірнеше альтернативті шарттар енгізу қажет болса, онда elif қосымша блогын қолдануға болады.

age = 18

if age > 21:

print(“Енуге рұқсат”)

elif age >= 18:

print(“Енуге жартылай рұқсат”)

else:

print(“Енуге рұқсат жоқ”)

 

if кіріктірілген құрылымы

if құрылымы кіріктірілген if құрылымынан тұруы мүмкін.

age = 18

if age >= 18:

print(“18-ден үлкен”)

if age >21:

print(“21-ден үлкен”)

else:

print(“18-ден 21-ге дейін”)

Есеп №1. Берілген санның «оң», «теріс» немесе «0»-ге тең екенін анықтайтын бағдарлама құру.

a=int(input(“сан енгізіңіз”))

if a < 0:

print (“Neg”)

elif a ==0:

print (“Zero”)

else:

print (“Pos”)

 

Есеп №2.

x = int(input())

if x > 0:

print(x)

else:

print(-x)

 

Есеп №3. a және b сандарының кем дегенде біреуі нөлге аяқталатала ма екендігін тексеретін бағдарлама құрыңыз.

a = int(input())

b = int(input())

if a % 10 == 0 or b % 10 == 0:

print(‘YES’)

else:

print(‘NO’)

Автор публикации

не в сети 2 недели

Gulmira85

0
Комментарии: 0Публикации: 4Регистрация: 07-02-2019

Добавить комментарий