Пән: Алгоритімдеу және бағдарламалау
Курс тақырыбы: №2. Python бағдарламалау тілі
Сабақтың тақырыбы: №6 Сандарға қолданылатын операциялар, шартты өрнектер
Меншіктелген арифметикалық операциялар
Кейбір арнайы операциялар операция нәтижесін бірінші операндқа меншіктеуге мүмкіндік береді:
- +=
Қосынды нәтижесін меншіктеу
- -=
Азайту нәтижесін меншіктеу
- *=
Көбейтінді нәтижесін меншіктеу
- /=
Бөлінді нәтижесін меншіктеу
- //=
Бүтін бөліндінің нәтижесін меншіктеу
- **=
Санның дәрежесін меншіктеу
- %=
Бөлінді қалдығын меншіктеу
Операциялар мысалдары:
1
2 3 4 5 6 7 8 9 |
number = 10
number += 5 print(number) # 15
number -= 3 print(number) # 12
number *= 4 print(number) # 48 |
Шартты өрнектер
Кейбір операциялар шартты өрнектерді білдіреді. Бұл операциялар екі операндты қабылдап, boolean типіндегі логикалық мәнді қайтарады. Тек екі логикалық мән ғана бар: True (ақиқат) және False (жалған).
Салыстыру операциялары
Python келесі салыстыру операцияларын қолдайды:
- ==
Егер екі операнд тең болса, True мәнін әйтпесе False мәнін қайтарады.
- !=
Егер екі операнд тең ЕМЕС болса True мәнін қайтарады, әйтпесе False мәнін қайтарады.
- > (үлкен)
Егер бірінші операнд екіншісінен үлкен болса True мәнін қайтарады.
- < (кіші)
Егер бірінші операнд екіншісінен кіші болса True мәнін қайтарады.
- >= (үлкен не тең)
Егер бірінші оператор екіншісінен үлкен не тең болса True мәнін қайтарады.
- <= (кіші немесе тең)
Егер бірінші оператор екіншісінен кіші не тең болса True мәнін қайтарады.
Салыстыру операторларына мысалдар:
a = 5
b = 6
result = 5 == 6
print(result) # False
print(a != b) # True
print(a > b) # False
print(a < b) # True
bool1 = True
bool2 = False
print(bool1 == bool2) # False
Логикалық операциялар
Құрама шартты өрнектерді құру үшін логикалық операциялар қолданылады. Python-да келесі логикалық операторлар қолданылады:
- and (логикалық көбейту)
егер екі өрнек те True мәніне тең болса, True қайтарады.
1
2 3 4 |
age = 22
weight = 58 result = age > 21 and weight == 58 print(result) # True |
1 2 3 4 5 |
age = 22
weight = 58 isMarried = False result = age > 21 and weight == 58 and isMarried print(result) # False, так как isMarried = False |
- or (логикалық көбейту)
Егер кем дегенде екі өрнектің біреуі True-ге тең болса, True мәнін қайтарады.
1
2 3 4 |
age = 22
isMarried = False result = age > 21 or isMarried print(result) # True, себебі age > 21 тең True |
- not (логикалық «емес»)
Егер өрнек False-қа тең болса, True мәнін қайтарады
1
2 3 4 |
age = 22
isMarried = False print(not age > 21) # False print(not isMarried) # True |
Егер бір өрнекте бір мезгілде бірнеше логикалық операторлар орындалсағ олардың приоритеті әр түрлі екенін ескеру керек.
Алдымен not операторы, содан кейін and және соңында or операторы орындалады.
1
2 3 4 5 |
age = 22
isMarried = False weight = 58 result = weight == 58 or isMarried and not age > 21 # True print(result) |
Мында есептеулер келесідей жүргізіледі:
- not age > 21 тең False
- isMarried and False (not age > 21) тең False
- weight == 58 or False (isMarried and not age > 21) тең True
Есептеулердің ретін ауыстыру үшін біз жақшаларды қолдана аламыз:
1
2 3 4 5 |
age = 22
isMarried = False weight = 58 result = (weight == 58 or isMarried) and not age > 21 # False print(result) |