Зертханалық жұмыс «Мәліметтерді сұрыптау және фильтрациялау»

Зертханалық жұмыс «Excel программасы. Мәліметтерді сұрыптау және фильтрациялау»

Тақырыбы: «Excel программасы. Мәліметтерді сұрыптау және фильтрациялау»
Мақсаты: MS Excel кестесін мәліметтер қоры ретінде пайдалану әдістерін үйрету.
Негізгі түсініктер:
Excel программасындағы электрондық кестелерді кейбір жағдайларда қарапайым мәліметтер қоры ретінде де қолдануға болады, бұл жағдайларда электрондық кестенің жолы ішінара мәліметтер қорындағы жазба (запись) қызметін, ал бағандары мәліметтер қорындағы өрістің (поле) қызметін атқарады.
Электрондық кестеде жазылған мәліметтердісұрыптау бағандар бойынша (өрістер ), Данные->Сортировка командасы немесе саймандар панеліндегі батырмасы арқылы жүргізіледі. Сұрыптаудың реті, шарттары және т.б. параметрлері Сортировка командасы орындалғанда пайда болатын Сортировка диапазона диалогтық терезесінде беріледі. Мәліметтерді сұрыптаудағы негізгі мақсат- бұл кесте жолдарындағы мәліметтерді (жазбаларды) белгілі бір ретпен орналастыру болып табылады.
Электрондық кестедегі мәліметтерді фильтрациялау – бұл сол кестеден, берілген шарттарды қанағаттандыратын жолдарды, немесе жазбаларды тауып алу . Электрондық кестедегі мәліметтерді фильтрациялағаннан кейін кестеде тек шартты қанағаттандыратын жолдар көрініп тұрады, ал қалған жолдар көрінбей тұрады. Электрондық кестедегімәліметтерді фильтрациялау үшінДанные->Фильтр командасы қолданылады.
Автофильтрация
Excel программасында кестенің бағанын немесе бірнеше бағандарын белгілеп алып программа терезесінің жоғарғы мәзірінен Данные->Фильтр->Автофильтр командасын орындағанда әрбір бағанда кішкентай үшбұрыш түріндегі ( ) белгі шығады, бұл белгіге шерткенде пайда болатын тізімді фильтрациялау шарттары ретінде қолданады.
Кеңейтілген фильтр (Расширенный фильтр).
Данные->Фильтр->Расширенныйфильтр командасы кестедегі мәліметтердің арасынан бірнеше шарттарды қанағаттандыра алатындай мәліметтерді анықтап бере алады. Кеңейтілген фильтрді қолданғанда шарттардың немесе фильтрациялау критерийлерінің екі түрі қарастырылған:
1) Салыстыру критерийлері (Критерий сравнения);
2) Есептелетін критерий (Вычисляемый критерий).
Кеңейтілген фильтрді қолдану екі кезеңді қамтиды:
1-Кезең – фильтрациялау критерийлерін құру;
2-Кезең –кесте жолдарын немесе жазбаларды фильтрациялау.
Жаттығу жұмыстары:
1-жаттығу. Мәліметтерді сұрыптау.
1. Өз бумаңызда Лаб_11_Ex жұмыс кітабын құрыңыз;
Жұмыс кітабының бірінші бетін (Лист1) Список деп өзгертіңіз, 11.1- кестедегі мәліметтерді енгізіңіз: Бағандардың атын өзгертіңіз, жолдардағы мәліметтерді енгізуде Данные ->Формакомандасын пайдаланыңыз.
11.1- кесте

Топтың номері Сын. кітап. номері Пәннің коды Оқытуш. Таб. № Сабақ түрі Күні Баға
133 11 П1 А1 Л. 12.12.04 4
133 12 П2 А2 Пр. 25.12.04 4
133 13 П1 А3 Л. 12.12.04 5
133 14 П2 А1 Пр. 20.12.04 2
133 15 П1 А2 Л. 12.12.04 3
133 16 П2 А1 Л. 25.12.04 4
133 17 П1 А2 Пр. 12.12.04 5
133 18 П1 А3 Пр. 25.12.04 5
134 19 П1 А3 Л. 7.12.04 4
134 20 П2 А1 Пр. 25.12.04 5
134 21 П1 А3 Л. 7.12.04 5
134 22 П2 А2 Пр. 25.12.04 2
134 23 П1 А2 Л. 12.12.04 4
134 24 П1 А1 Л. 25.12.04 5
134 25 П2 А3 Л. 7.12.04 3

2. Кестедегі мәліметтерді Пәннің коды бағаны бойынша өсу ретімен сұрыптаңыз, ол үшін :
 Курсорды кестенің сұрыпталатын облысына апарып, Данные→ Сортировкакомандасы орындалады;
 Пайда болған Сортировка диапазона диалогтық терезесіндегі тізімдерден Пәннің коды бағаны көрсетіліп, по возрастаниюкатегориясы таңдалынады.
3. Өсу реті бойынша сұрыптауды, кестенің үш бағаны бойынша жасаңыз: Топтың номері, Пәннің коды, Оқытуш. Таб. № , ол үшін курсорды кестенің сұрыпталатын облысына апарып, Данные→ Сортировкакомандасы орындалады, пайда болған Сортировка диапазона диалогтық терезесіндегі:
 Сортировать по бөлімінде – Топтың номері бағаны,по возрастанию категориясы;
 Затем по бөлімінде – – Пәннің коды бағаны,по возрастанию категориясы;
 Последнюю очередьбөлімінде – Оқытуш.Таб.№ бағаны,по возрастанию категориясы таңдалынады да, орындауға жіберіледі.
2-жаттығу.Мәліметтерді фильтрациялау.
1. Жұмыс кітабының екінші бетін(Лист2)Автофильтрдеп өзгертіңіз.Списокдеп аталатын беттегі мәліметтерді (11.1- кесте) Автофильтрбетіне көшіріңіз.
2. Осы берілген кестеден: “А1” оқытушыға, “Л” түрдегі сабақты “4”, “5”бағаларының біріне тапсырғандар жөнінде мәлімет алу керек, ол үшін:
 Автофильтрацияқолданылады, курсорды кестенің фильтрацияланатын облысына апарып, Данные->Фильтр->Автофильтркомандасы орындалады.
 Оқытуш.Таб.№ бағанындағы белгісіне шертіледі, пайда болған тізімнен А1таңдалынады;
 Сабақ түрібағанындағы тізімнен Л.таңдалынады да,соңынан Бағабағанындағы тізімнен Условие…таңдалынып, шыққан терезеде, келесі шарт: >3жазылады, яғни Большетаңдалынады, сол жағына3жазылады.
 Нәтижені қараңыз.
3. Кестедегі мәліметтерді бастапқы қалпына келтіру үшін автофильтрацияны алып тастаңыз, ол үшін әрбір бағандағы фильтрация белгісіне шертіп,пайда болған тізімнен Всетаңдалынады.
4. Кестеден : “ 133” топтағы “ П1” пәнінен емтиханды “3”, “4” тапсырғандар туралы мәліметтер алыңыз.
5. Автофильтрацияны алып тастаңыз.
3-жаттығу.Кеңейтілген фильтр.
1. Жұмыс кітабының үшінші бетін(Лист3)Расшир_фильтр деп өзгертіңіз.Списокдеп аталатын беттегі мәліметтерді (11.1- кесте) Расшир_фильтр бетіне көшіріңіз.

1-Кезең . Фильтрациялау шарттары диапазонын Критерий сравнениятипі бойынша құру.
2. Расширенный фильтркомандасын қолданбас бұрын алдымен критерийлер интервалы – фильтрациялау критерийлері берілетін обылыс көрсетіледі, ол үшін :
 Бағандардың атын басқа орынға (мысалы, А18 ұяшықтан бастап қойыңыз);
3. Жаңа орында, яғни фильтрациялау шарттары диапазонында Критерий сравнения – 134 топ студенттерінің П2 пәнінен «2» немесе «5» алуы көрсетілген обылыс-кесте құрыңыз, ол үшін :
 Бұл шарттар критерийлер интервалына /11.2 –кесте/ жазылады.
11.2-кесте
Топтың
номері Сын. кітап. номері Пәннің коды Оқытуш. Таб. № Сабақ түрі Күні Баға
134 П2 2
134 П2 5

2-кезең.Кестені фильтрациялау.
4. Кестені фильтрациялау үшін:
 курсорды кестенің фильтрацияланатын облысына апарып,
 Данные→Фильтр→ Расширенный фильтркомандасы орындалады;
 Расширенный фильтр диалогтық терезесінің параметрлерін төменде көрсетілгендей түрге өзгертіңіз:
– скопировать результат в другое местобелгіленеді (Установить флажок);
– Исходный диапазонтұсына кестенің: А1:G16диапазонын көрсетіңіз;
-Диапазон условиитұсына шарттар диапазонын (немесе критерийлер
интервалын): А18:G20жазыңыз;
– Поместить результат в диапазон тұсына А21ұяшығын жазыңыз.
 ОК батырмасына шертіңіз.

Өздік жұмыс тапсырмалары:
(Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде берілген
11-кестеден алынады)
1. Өз құжатыңыздағы Список бетін, Список1 деп аталатын жаңа бетке көшіріңіз және … бағаны бойынша , өсу ретімен сұрыптаңыз /1-тапсырма/ .
2. Кестеден … шартқа сәйкес келетін мәліметтерді автофильтрация арқылы анықтаңыз /2- тапсырма/.
3. Кестеден … шартқа сәйкес келетін мәліметтерді кеңейтілген фильтр арқылы анықтаңыз /3- тапсырма/.
11-кесте

№ 1- тапсырма 2- тапсырма 3- тапсырма
1 Топтың номері және Оқытуш. Таб. № 7.12.04 мен 12.12.04 аралығындағы күндерге Тобы 133, бағасы 4 немесе 5, пәні П1
2 Сын. кітап. номеріжәне Сабақ түрі П1пәннен , 4 деген баға алғанға Тобы 134, бағасы 2 және 4
3 Пәннің коды және Топтың номері Сынақ кітапшасының номері 15 пен 20 аралығына А2, бағасы 4 және 5, сабақ түрі -Пр.
4 Сабақ түріжәне Күні Оқытуш. Таб. № А1және А2 болатындарға Тобы 133, А1 және А2, сабақ түрі -Л.
5 Күніжәне Баға 2 және 3 деген бағаларға Тобы 134,
Сын.№>21 , сабақ түрі -Л.

Бақылау сұрақтары:
1. Мәліметтер қоры деген не?
2. Мәліметтерді сұрыптау не үшін қажет?
3. Фильтрацияның қандай түрлері бар?
4. Сұрыптау мен фильтрациялаудың айрмашылығы неде?
5. Кеңейтілген фильтр қалай орындалады?

Автор публикации

не в сети 1 месяц

Администратор ресурса

Здравствуйте. Если у Вас возникают какие-либо вопросы касательно работы сайта, то вы можете написать на электронную почту admin@learn-more.kz
Комментарии: 24Публикации: 275Регистрация: 25-01-2017

Добавить комментарий