Зертханалық жұмыс «Логикалық функциялар»

Зертханалық жұмыс «Логикалық функциялар. Екі және үш шартқа тәуелді функциялардың графигін тұрғызу»

Тақырыбы: «Логикалық функциялар. Екі және үш шартқа тәуелді функциялардың графигін тұрғызу»
Мақсаты: Бірнеше шартқа тәуелді функцияның графигін тұрғызуға үйрету.
Негізгі түсініктер:
Логикалық функцияларқандай да болмасын бір шартқа тәуелді есептеулер жүргізуде қолданылады. Шарттарды көрсету үшін Excel программасында салыстыру амалдарының “ =”, “>”, “<”, “<>” (тең емес), “>=” (үлкен немесе тең), “<= “ (кіші немесе тең) белгілері пайдаланылады. ЕСЛИ(лог_выражение; значение_если_истина; значение_если_ложь) функциясы,функция аргументіндегі логикалық өрнек(лог_выражение) ақиқат мәнге ие болғанда, аргументтегі бірінші мәнді (значение_если_истина) , ал қарсы жағдайда екінші мәнді (значение_если_ложь) береді. Мұндағы, лог_выражение – бұл нәтижесі, екінің бірі, яғни не АҚИҚАТ немесе ЖАЛҒАН болатын логикалық өрнек. значение_если_истина – бұл лог_выражение АҚИҚАТ болғандағы мән, егер осы жағдайда функцияның жазылуында бұл аргумент (значение_если_истина) түсіп қалған болса , онда функцияның мәні де АҚИҚАТ болады . значение_если_ложь – бұл лог_выражение ЖАЛҒАН болғандағы мән, егер осы жағдайда функцияның жазылуында бұл аргумент (значение_если_ложь) түсіп қалған болса , онда функцияның мәні де ЖАЛҒАН болады . Мысалы: B1 ұяшыққа =ЕСЛИ(A1<20000; 12; 15) формуласы жазылған. Егер A1 ұяшығына 30000 саны енгізілетін болса, онда нәтижесінде B1 ұяшықта 15 саны шығады, себебі 30000<20000 шарт ЖАЛҒАН болып тұр. И, ИЛИ функциялары күрделі шарттарды жазу үшін қолданылады: И(логическое_выражение1; логическое_выражение2;....) - АҚИҚАТ мән қабылдайды егер барлық аргументтер сәйкесінше АҚИҚАТ болса, ал қалған жағдайлардың бәрінде ЖАЛҒАН болады. ИЛИ(логическое_выражение1; логическое_выражение2;...) - АҚИҚАТ мән қабылдайды егер ең болмағанда бір аргумент АҚИҚАТ болса, ал қалған жағдайлардың бәрінде ЖАЛҒАН болады. Мысалы: Егер A1 ұяшығына [1, 4] аралықтағы сандардың бірін жазғанда В1 ұяшығындағы =ЕСЛИ (И(A1>=1;A1=<4);15;18) - өрнегінің мәні 15-ке тең болады, ал қалған жағдайда 18 болады. ЕСЛИ немесе т. б. функцияларды аргумент ретінде қайталап қолдану арқылы күрделі шарттар жасалады. Мысалы: =ЕСЛИ (A1<20000; 12; ЕСЛИ (A1<40000; 15; 18)) формуласы бойынша, егер A1< 20000 болса, онда нәтиже 12 тең, қарсы жағдайда келесі тұрған A1<40000 шарты тексеріледі, бұл шарт ақиқат болған жағдайда формула нәтижесі 15, ал жалған болғанда формула нәтижесі 18 болады. 1-жаттығу. Электрондық кестеда студенттердің пән бойынша үлгірімі процентпен берілген. Үлгірім 45% кем болса студент аттестациядан өтпеген болып есептеледі. Студенттің аттестациядан өтке-өтпегенін формула көмегімен анықтаңыз. 1. Excel программасында Работа3деген атпенжаңа құжат құрыңыз . 2. Құжаттың бірінші жұмыстық бетін (Лист1)Задание 1деп өзгертіңіз. 3. Кестені 7- суреттегідей толтырыңыз. 7-сурет 4. Студенттің аттестациядан өткен- өтпегенін тексеру үшін:  С3 ұяшығы белгіленеді. Вставка→Функция командасы орындалады. Пайда болған терезеден Логические категориясындағы, ЕСЛИ функциясын таңдайсыз.  Әрі қарай ЕСЛИфункциясының терезесіндегі Логическое выражениетұсына В3 ұяшықтағы мәнді , 45% салыстыратын шартты:В3>=45% түрінде жазамыз.Шартқа сәйкес:
 Значение если_истинатұсына: «аттестован» жазылады;
 Значение если_ложь тұсына: «не аттестован» жазылады;
 ОКбасылады;
7. Осы формула қалған ұяшықтарға көшіріледі.

2 -жаттығу. Аттестация 3пән бойынша өтті. Студенттің барлық 3 пән бойынша аттестациялық үлгірімін текскру қажет .
1. Құжатыңыздағы келесі жұмыстық бетті (Лист2) Задание2 деп өзгертіңіз;
2. Кестені 8- суреттегідей толтырыңыз;

8- сурет

3. Сан мәндерін процентпен жазыңыз, ол үшін :
 В3:D7диапазон белгіленеді, диапазонның контекстік мәзірінен Формат ячеек командасы орындалады. Пайда болған терезенің Числатізімінен Процентный форматы таңдалынады, Число десятичных знаковтұсына 0жазылады;
4. Е3 ұяшығындаЕСЛИ функциясы шақырылады;
5. Формулалар жолының сол жағындағы
белгісіне шертіледі;
6. Пайда болған тізімнен Другие функции таңддалынып, ЛогическиекатегориясындаығыИ функциясы белгіленеді;
7. И функциясының терезесіндегі Логическое_значение1: B3>=45%, Логическое_значение2: C3>=45%, Логическое_значение3: D3>=45% түрінде толтырылады;
8. формулалар жолындағы ЕСЛИ шертіледі ;
 Значение если_истинатұсына: «аттестован» жазылады;
 Значение если_ложь тұсына: «не аттестован» жазылады;
9. ОКбасылады;
10. Формула қалған ұяшықтарға жазылады.

3-жаттығу. Екі шартқа тәуелді функцияның графигін берілген аралықта 0,2 қадаммен салыңыз.

1. Үшінші жұмыстық бетті (Лист3) Задание 3 деп өзгертіңіз;
2. А бағанға екінші жолдан бастап (А2 ұяшықтан бастап ) х- тің [-1; 1] аралығындағы мәндерін 0,2 қадаммен орналастырыңыз;
3. В2ұяшыққа келесі,
=Если(А2<=0; (1+2*A2^2-SIN(A2)^2)^(1/2); (2+A2)/(2+EXP(-0.1*A2))^(1/3)) формуланы Мастер функциикөмегімен жазыңыз; 4. Қалған ұяшықтарға формуланы автоматты түрде көшіріңіз; 5. Функция графигін тұрғызыңыз. Өздік жұмыс тапсырмалары: (Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде берілген 9-кестедан алынады) 1. Келесі функция ... графигін, берілген аралықта 0,2 қадаммен тұрғызыңыз /9-кесте, 1-тапсырма/. 2. Берілген сөз есепті ... Excel программасының логикалық функцияларын пайдаланып шығарыңыз /9-кесте , 2-тапсырма/. 9-кесте № вар х жатқан аралық 1 -тапсырма 2 - тапсырма 1 ax2+bx+c=0 түріндегі квадрат теңдеудің дискриминантынD= b2-4ac … тауып және ЕСЛИфункциясын қолдана отырып теңдеудің нақты түбірлерінің санын табыңыз. (ЕгерD>0, екі түбір бар)

2

Фермадағы жасы 6 айдан 8 айға дейінгі қояндар салмағы 7 кг- нан аспауы керек, егер асып кетсе қояндарға берілетін витаминнің тәуліктік концентрация мөлшері 125 г. азайтылады.Қояндардың саны , жасы және салмағы белгілі деп есептеп осы айдағы концентрация мөлшерінің қаншаға азайтылатынын есептеңіз.

3
Фирмадағы 5 қызметкердің әрқайсысы фирма орындап жатырған екі проектінің біреуіне ғана қатыса алады.Бірінші проект бойынша жалақыға 0,25% үстеме, ал екінші проект бойынша жалақыға 0,50% үстеме қосылады. Қызметкерлер жалақысын есептеуде ЕСЛИ функциясын қолданыңыз.

4
Фирмадағы 5 қызметкердің еңбек стаждарын әртүрлі деп алып, олардың жалақыларын есептеңіз. Жалақыға қызметкердің еңбек стажына қарай: 1-4 жылға 15% үстеме, 5-10 жылға 30 % үстеме, 10 жылдан асқандарға 50% үстеме қосылады. Қызметкерлер жалақысын есептеуде логикалық функцияларды қолданыңыз
5

Дүкен заттары жеңілдетілген бағамен сатылып жатыр: саудасы 50 000 теңгеден асқан алушыға 5% , 1000 000 асса – 10 %, 2000 000 асса- 20% жеңілдік жасалады. Сатып алушының нақты төлейтін ақшасын логикалық функцияларды қолданып есептеңіз.

Бақылау сұрақтары:
1. Қандай логикалық функцияларды білесіз?
2. Еслифункциясы қалай жазылады және орындалады?
3. И функциясы қалай жазылады және орындалады?
4. ИЛИфункциясы қалай жазылады және орындалады?
5. Логикалық өрнектер қандай мәндер қабылдай алады?

Автор публикации

не в сети 2 месяца

Администратор ресурса

Здравствуйте. Если у Вас возникают какие-либо вопросы касательно работы сайта, то вы можете написать на электронную почту admin@learn-more.kz
Комментарии: 24Публикации: 287Регистрация: 25-01-2017

Добавить комментарий