[Саясаттану] – ғылым

Саясаттану – ғылым

Дәріс жоспары:
1. Саясаттанудың объектісі мен пәні.
2. Саясаттанудың заңдары мен категориялары, әдістері.
3. Саясаттанудың функциялары

АҚШ-да Колумбия колледжiнде 1857 жылы Ф. Либером тарих және саяси ғылыми кафедрасы негiзделдi. Бұл құбылыс политологияның өзiндiк академиялық пәні туғандығын көрсетедi. 1948 жылы ЮНЕСКО ұсынысы бойынша Парижде халықаралық колоквиум өткiзiлдi, бұл жиналыста Еуропа және Америка саясаттанушылары саяси ғылымның мәселелерін талқылады. Бұл жиналыста «саясат ғылымы» терминiн қолдануда келiсiм бердi, ал оның пәнi ретiнде мыналар ұсынылды:
• Саяси теория (саяси теория және идея тарихы)
• Саяси институттар (конституция, орталық басқару, аймақтық және жергiлiктi басқару, экономикалық және әлеуметтiк басқару, т.б)
• Партиялар, топтар және қоғамдық пiкiр (саяси партия, топтар және ассоциациялар, басқару жүйесiне азаматтардың қатысуы)
• Халықаралық қатынастар (халықаралық саясат, саясат және халықаралық ұжымдар, халықаралық құқық)
А) Саясаттану анықтамасы бiр дауыспен қабылданған, яғни бұл ғылым саяси ұйымдарда билiк орнатуды құратын, оны бөлшектерге бөлiп, шын мәнде шығарады. Бұның өзiнде институттар, қоғам және жеке тұлға қатысады.
Б) Саясаттану пәнiне айтарлықтай бiр пiкiр алынбайды, яғни саясат ғылымын зерттеуде екi көзқарас бар.
• Саясаттану – мемлекет туралы ғылым, яғни оның пәнi тар мағынада берiледi. Бұл дәстүр Аристотельмен қаланған.
• Саясаттану – билiк туралы ғылым. Бұл түсiнктi Н. Макиавелли негiздеген. Бұл саладағы саясаттану пәнi кең мағынада берiлген.
В) Әр мемлекеттерде және ұлттар арасындағы әлеуметтiк-экономикалық, мәдени шарттарда билiк институты құрылуда. Бұл құбылыстар саясаттану дамуында еуропалық және америкалық мектептер деп бөледi.
• Еуропа дәстүрiне сәйкес саясаттану – саяси тарихы, саяси философиясы,
саяси социология, т.б туындылары бар саяси ғылым. Еуропалық саясаттанушылық мектебi үшiн жалпы әлеуметтiк, философиялық аспектiлер, мемлекет әрекеттерiн және басқа саяси институттарды зерттеу жатады.
• Американдық саяси ғылымға жоғары бағдарлама мен қорытынды
функциялары қасиеттерi тән. Американдық зерттеушiлерi саясаттану ғылымын психологиялық, функционалды жағынан қарастырды. Мысалы, Т. Парсонс және Р. Даль билiктiң басты функциясын ресурстардың бөлiнуi мен жалпы қоғамдық тәртiптiң болуында көредi. Басқа американдық саясаттанушы Д. Истон саяси ғылымның пәнiн тәсiлдер ретiнде көрген, өйткенi әр түрлi тәсiлдердi қолдана отырып қоғамға, билiк институттарына қандай да шешiм қабылдаған.
Саясаттану саясат туралы ең бiлiмдi ғылым болып есептеледi. Басқа әлеуметтiк бiлiм түрлерiне қарағанда саясаттанудың өзiндiк арнаулы ерекшелігі болады, яғни саясат қоғамындағы табиғат, шарт және билiк технологиясы. Саясаттану саяси әрекеттердi зерттей отырып, бiрнеше пәнге бөлiнедi.
• Саяси философия – ол саясат аспектiнiң дүниежүзiлiк құндылықтарын, саяси идеяларды, нормаларды зерттейдi.
• Саяси тарих – ол әлеуметтiк емес, саяси институттар мен ұжымдардың даму тарихын, әр кезеңдегi революциялық өзгерiстерi мен себептерiн зерттейдi.
• Саяси теория – ол билiк ұжымындағы анализ түрлерi мен формаларын, саяси субъектiлердi, мемлекет және құқық теориясын, т.б зерттейдi.
• Саяси зерттеу теориясы – ол саяси идеялардың пайда болуы мен дамуын зерттейдi.
• Саяси психология – ол саяси тәртәптiң субъективтi тетігін зерттейдi және өзара қатынасын ашады.
• Қолданбалы саясаттану – ол өткен ғасырдағы 60- жылдары саяси ғылым iшiнде негiзделдi. Ол психология, әлеуметтану, кибернетика нәтижелерi барысында нақты саяси мәселелерді шешедi.
• Саяси әлеуметтану – ол әлеуметтану мен саясаттанудың аралық өнiмi болады. Ол саясатқа қатысушылардың қызығушылығы мен олардың пiкiрлерiнiң мазмұнын зерттейдi. Саясаттану мен саяси әлеуметтану арасындағы айырмашылықты американдық социологтар С. Липсет және Р. Бендикс айтулары бойынша «саяси ғылым мемлекет бастап оның қоғамға деген әрекетiн зерттейдi, ал саяси әлеуметтану қоғамнан бастап, оның мемлекетке тигiзетiн әсерiн зерттейдi».
Б) Саясаттану саясатты зерттей отырып үш деңгейдегi бiлiммен шектеледi.
• Философиялық, мұнда билiк пен мемлекеттiң мәнiсiн, табиғатын және мiндеттерiн анықтайды.
• Теориялық, мұнда әр саяси институт пен субъектiнiң орнымен, оның ролi және де билiк қатынастағы функциялары анықталады.

Өз-өзін тексеруге арналған сұрақтар:
1. Саясаттанудың объектісі мен пәні.
2. Саясаттанудың заңдары мен категориялары, әдістері мен функциялары
3. Саясаттанудың қызметі қандай?

 

Бүкіл кешенді біздің сайттан жүктеуге болады: сілтеме

Басқа ақпаратты әлеуметтік желілерден жүктеуге болады: Instagram , Вконтакте

Автор публикации

не в сети 1 неделя

Администратор ресурса

Здравствуйте. Если у Вас возникают какие-либо вопросы касательно работы сайта, то вы можете написать на электронную почту admin@learn-more.kz
Комментарии: 24Публикации: 287Регистрация: 25-01-2017

Добавить комментарий