[Саясаттану] – Негізгі кезеңдері мен қалыптасуы

Саяси ғылымдардың негізгі кезеңдері мен қалыптасуы

Дәріс жоспары:
1. Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римдегі саяси ойлар
2. Саяси ойлар тарихындағы Еуропалық орта ғасыр
3. Еуропалық ағартушылық дәуірдегі саяси идеялар

Билiк, мемлекет, саясат туралы алғашқы ұғымдар тереңгi ежелден пайда болған:
Адам өз өмiрiнiң мәнiсiн түсiнуге және қоғам арасында өмiр сүруiне талпынған.
Нақты мемлекет құрылуы тек арман болды.
Дiни сенушiлiк, дәстүр өзара қарама-қайшы болған.
Қазiргi саяси ғылымның және тәжірбиенің негiзi осылар болды.
Ежелгi Шығыстан бiзге жеткен тарихи мәлiметтер өте құнды. Ол кезде мемлекет пен билiктiң қуаттылығы құдайдың билiгiнде деп шешiлген. Ежелгi Қытайдың саяси ойларын қарайтын болсақ, сол кездегi саяси ғалым және де негiзгi ежелгi қытай философы конфуцимен (551-479 ж.б.ғ.д.) конфуцианство негiзделдi:
Егер де мемлекеттi басқару жүйесiнде моральға сүйенсек және де «қарым-қатынас», «алтын орда», «адамгершiлiк» деген терминдердi қолдансақ, ол жақсы нәтижелерге соқтырады, яғни «дұрыс жолға» бағыттайды.
Мемлекет өз кезегiнде үлкен отбасыны ойға салады, бұндағы басқарушы-әке ролiнде, ал оған бағынушылар – балалары. Мемлекет басқару жүйесiне өз қарсылықтарын легистер айтты – оның бiр өкiлi ежелгi қытай ғалымы Шан Яна (400-338 ж.б.ғ.д.)
Бұл мәселелер тек қана заңды түре жүреді, егер де басқа амалдар қолданылса, яғни заңнан тыс, онда жауапкер игiлiкке тартылады.
Егер де басқарушы қатаң болса, онда тәрбие жоғары болады. Ежелгi Үндi елiндегi саяси ойлары бойынша адамдар сол кезде жетiлдiрiлмеген және де өзімшілдер болған деген. Сондықтан белгiлi авторлар Артхашстр, Каутилья (IV ғ.б.э.д.) былай деген:
Құдаймен қаланған жер жүзi заңдылықтарға барлығы да бағыну керек.
Басқарушы Құдайдың орнына ауыстырсақ та, ол өте қатаң болмауы қажет.
Ежелгi грецияда саяси идеялар теория формасына ендi, оған тән қасиеттердiң бiрi болып тұтастылық және жүйелiк есептеледi. Оған соқтырған жағдайлар:
Кластан бөлiнулер, яғни құлдар мен құлиеленушiлер.Нақты деңгейдегi адамдарға, яғни еңбек жұмыстарынан босатылғандарға бiлiм жағын дамытуға мүмкiндiктер туады.
• Саяси теорияның дамуы, құрылысы қоғамның дамуына әсер етiп «полис» терминiне шығарды, ол дегенiмiз қала және мемлекет және оның тұрғындары.
• Құлдар мен құлиеленушiлер арасында қарама-қайшылық туды.

Платонның саяси көзқарастары:
• Өзгермелi әлем және көрiнiстер әлемi өмiрбақи шын мәнiсiнде болады.
• Қоғамның ең маңызды да керектi өмiр сүру формасы – мемлекет.
• Идеалды қоғам үш кезеңнен тұрады: философ-билеушiлер, батыр-ер жүректер, шаруалар.
• Алғы екi кезеңдерде отбасы болмайды.
• Мемлекет азаматтардың өмiрiн бақылап оны реттейдi.
Аристотельдiң саяси теориясы:
• Ол өз тұжырымдамаларын 158 грек полистерi негiзiнде құрды.
• Ол құдайлық басқаруды есепке алмады, өйткенi оның ойы бойынша шын мәнiсiндегi даму дәрежесi мемлекетке байланысты.
• Ол қала-мемлекеттi қоғамның араласудың жоғары формасы ретiнде көрген.
• Ол мемлекеттiң басты мақсаты «жақсы жетiстiктерге жету, өмiрдi өзгерту» деп ой айтты.
Аристотель бойынша мемлекет дегенiмiз:
• Платонға қарағанда, бiрлiгi аз, онда жеке меншiк, отбасы кiредi.
• Тәуелсiз азаматтардың қызығушылығын, құқығын, өмiрiн қорғайды.
• Бiрақ кейбiр жағдайда тең шешiм қабылдай алмайды.
Мемлекет құрылысының формаларының Аристотель бойынша екi критерияға бөлiнедi: 1) басқарушылар саны, 2) басқару мақсаттары. Соның iшiнде:
• Монархия, аристократия және полития билеушiлiк формаларына жатады, өйткенi олардың мақсаттары тұрғындарды бiр мақсатта негіздейді.
• Тирания, олигархия, демократия – дұрыс емес, өйткенi басқарушының қызығушылығын қанағаттандырады.
• Ең жақсысы – полития, оның мiндеттiлiгiне бiлiм және дүние цензом кiредi, яғни бұл басқару жүйесi – орта класқа сәйкес.
Рим ойшылдары арасында Цицеронның «О государстве» және «О законах» атты еңбектерiнде Рим мемлекеттiң механизмiн түсiндiрiп жазды:
• Мемлекет дегенiмiз «көп мөлшердегi адамдардың бiр мақсатты, бiр бағытта жиналып, қатынас жүргiзу».
• Бұның бәрiне бiрдей заң, яғни шын және жоғары, әдiлеттi заң шығару қажет.
• әдiлеттi заң – бұл табиғатқа ұқсас, тұрақты, ұзақ және де атқаратын қызметтерi шынайы болу қажет.
• Ең жақсысы ол – аралас режим, яғни патшалық билiк, аристократия және демократия бiрiгу.
Цицерон өз еңбек шығармашылығында құқылы мемлекет негiздерi теориясын негiздедi.
Орта ғасырларда (V-XV ғ.б.з.) дiни көзқарастар билiкте болды, оны таратушы – христиан шiркеуi. Ортағасыр ойшылы Августин өзiнiң «О граде Божьем» еңбегiнде христиандық саяси доктриндерiн негiздедi:
• Адамзаттың барлық тарихы – бұл «Божым градом» мен «Земным градом» арасындағы күрес.
• Адамның басты қорғанышы – ол құдаймен сырласу, христианды дiн сенушiлермен тiл табысу.
• 410 жылғы готамилер Римдi жаулап алды, өйткенi ол «Дьявола градом » айналды.
Ал Фома Аквинский (1225-1274) былай деген:
• мемлекеттiк билiк құдайдан жаралған, сондықтан барлығы дiнге сену керек.
• Құдайдың жаратылысына қарамай, адамзат табиғатты өз ретiнше қолданады.
• Халықтың монархия билiгiне қарсы шығуы, оның өлiмi деп санауға болады, яғни халықтың жойылуы.
• Светский билiк христиан жобаларымен iске асырылуы керек.
Саяси ғылымның дiни бастаушысы болып Н.Макиавелли саналады, ол өзiнiң «Государь» (1513) және «Размышления о первой декаде Тита Ливия» (1520) атты еңбектерiнде саясаттану пәнi мен әдiстерiн құрған.
Н. Макиавелли 14 жыл бойы Италия республикасының басқарушысының орынбасары бола отырып саясатты iшкi жағынан бақылаған. Оның айтуы бойынша саяси ғылым – ол практикалық ғылым, ол арқылы өмiрдегi мәселелер шешiледi деген Н. Макиавеллидiң саяси ғылымға сiңiрген еңбектерi көп. Олар:
• Ол саяси сфераның өзбеткейлiгiн негiздеген, оның басқа қоғам өмiрiне автономды қатысы бар екенiн айтқан.
• Ол саясатты әлеуметтiк шындық ретiнде зерттеген.
Н. Макиавелли енгiзген саяси шындықтың әдiстерi жалпы саясаттағы дiни қақтығыстардан босатты.
• Н. Макиавелли мемлекеттiк формалардың циклдi даму концепциясын негiздедi, бұның негiзiнде айналым шеңберi, соның iшiнде жақсы мен жаман арақатынасы.
• Ол саясатты моральдан бөлiп тастады. Мысалы, мақсатты таңдап алу үшiн мүмкiншiлiкке қарау қажет, моральге емес.
Жаңа кезеңдегi саяси теориялар (XVI-XIX ғ.ғ.):
• Бұл кезең буржуазия талаптары мен сол кездегi феодалдық саяси реттеуi қатаң болғанын айтады.
• Қоғамның қалыптасуы үшiн азаматтық теңестiк, тәуелсiздiк және рационализм орнату керек болды.
• Табиғи құқыққа – адамның өмiрге келуi едi.
• Әлеуметтiк мәселелердi шешу үшiн практикалық әрекет қажет.
Мемлекеттiң құдаймен қалануы теориясының орнына «қоғамдық келiсiм» теориясы орын басты:
• Оның негiзiнде жеке тұлғаның өзiнiң жеке меншiгiнiң арқасында бiрiншi негiздiк әлеуметтiк көзқарас құрайтыны жатыр.
• Өзiнiң құқылығы мен тәуелсiздiгi үшiн сол тұлға «қоғамдық келiсiм» жасайды.
«Қоғамдық келiсiм» теориясын ағылшын ойшылдары Томас Гоббс (1588-1979) және Джон Локк (1632-1704), француз философы Жан-Жак Руссо (1712-1778) өз пiкiрлерi негiзiнде шығарды.
С) Томас Гоббс айтуы бойынша:
• Мемлекеттiк жүйенiң пайда болуына дейiн, мұндай мүмкiндiктер болмаған, өйткенi «соғыстан соң соғыс жүрiп жатқан».
• Жеке тұлғалар өздерiнiң ғана емес, сонымен қатар қоғамның құқықтары мен қатынастары үшiн қоғамдық келiсiмдi шарт еттi.
• Осы шартта олар өз құқықтарын, тағдырларын және билiктерiн мемлекет басшысына тапсырды.
• Осының нәтижесiнде қоғамның арасында тәртiп болады деп сенемiз. Т. Гоббс абсолюттi монархия құруды жөн көрдi.
Ж.Ж. Руссо айтуы бойынша:
• Ол мемлекетке дейiнгi заманды жөн көрдi.
• Қоғамдық келiсiмдi жалпы қоғамның кез келген жағдайдан қорғау ассоциациясын құрған.
• Азаматтардың шын мәнiсiндегi еркiндiгi – ол тiкелей демократия.
Дж. Локк либералды идеологияның басқарушысы «Қоғамдық келiсiмге» мынадай тұжырымды бердi:
• Адамның негiзгi құны – ол оның еркiндiгi, сол ретте мемлекет билiгiн қысқарту керек.
• Қоғамдық келiсiм халық тәуелсіздігін сақтау үшiн шығарылған.
Дж. Локк билiктi екiге бөлудi ұсынды: заңды және атқарушы, ол
шектеулi монархияны қолдады.
Дж. Локктiң ойына өз көзқарасын Шарль Монтескье бiлдiрдi (ол француз философы):
• Оның ойынша билiктiң шектерi болуы қажет, өйткенi азаматтардың құқықтары мен еркiндiгi әрқашан болу керек.
• Ол басқарудың үш түрiн бөлдi: республика, монархия, деспотия, ең идеалды басқару түрi ол демократиялық республика.
• Өмiрге лайықты – аристократиялық демократия дедi ол.
Табиғи құқықтарды қолдамаған ағылшын философы және юристi Иеремия Бентам өз утилитарлы теориясын ұсынды:
• Ол адамдардың әрекеттiлiгiн олардың қайғырушылық пен қуаныштың қатынасында көрдi: адамның көңiл-күйi жақсы болады, егер де қайғырысы – минимал, ал қуанышы – максимал болса.
• Саясаттың мақсаты, ол – қоғам арасында бақытты адамдармен оның санын көтеру.
• Оның бiр түрi ол демократия өкiлдерi.

Бақылау сұрақтары:
1. Саяси ғылымның тарихын оқып білудің маңызы неде?
2. Аристотель мемлекеттің түрін бөлгенде қандай өлшемді басшылыққа
алды.
3. Платон мен Аристотель жекеменшікке қалай қарады?
4. Платон мен Аристотель мемлекетті басқарудың түрі ретінде
демократияға не себепті қарсы болды?
5. Орта ғасырлық саяси идеялардың ерекшеліктері неде?
6. Батыс Евродағы қайда өркендеу дәуіріндегі процестермен қазіргі
біздің елдегі саяси процестердің арасындағы ұқсастық бар ма? Болса
қандай?

 

Бүкіл кешенді біздің сайттан жүктеуге болады: сілтеме

Басқа ақпаратты әлеуметтік желілерден жүктеуге болады: Instagram , Вконтакте

Автор публикации

не в сети 2 месяца

Администратор ресурса

Здравствуйте. Если у Вас возникают какие-либо вопросы касательно работы сайта, то вы можете написать на электронную почту admin@learn-more.kz
Комментарии: 24Публикации: 275Регистрация: 25-01-2017

Добавить комментарий