Файлдарды архивтеу. Компьютерлік вирустар. Антивирус программалары.

Мақсат: Вирустар және олардың түрлерi. Бүлiнген және вирус жұққан файлдар. Компьютерлiк вирустардың қысқаша жiктелуi. Компьютерлiк вирустардан сақтанудың негiзгi тәсiлдерi.

Жоспар:
1. Вирустар және антивирустық программалар.
2. Антивирустық программалар

1. Вирустар және антивирустық программалар.
Жалпы мағынасында, компьютерлік вирус – бұл пайдаланушыға қажетсіз, кездейсоқ белгілі нәрселерді кенеттен орындайтын программа немесе макрос.
Вирустар экранда ұрандарды, балағат сөздерді ұйымдастыруы ықтитмал, қатқыл дискіден файлдарды аплып тастауы немесе операциялық жүйені бүлдіруі мүмкін. Кеәбір вирустық программалар пайда болғаннан кейін бірден емес, біршама кешігіп барып жұмыс істеуі мүмкін, себебі сіз оның жұмыс нәтижесін бір күн емес, бірнеше күн өткеннен кейін бір-ақ білуіңіз ғажап емес. Уақытты алатын әр қилы жағымсыз ұсақ-түйек құбылыстар, файлдардың кешігіп өңделуі-мұның ақырында, яғни күндердің бір тамаша күнінде компьютер мүлдем жұмыс істеуін тоқтатады. Бұл арада әр түрлі нұсқалар болуы мүмкін, бірақ түпкі нәтижесі біреу-ақ: компьютер уақытша тоқтап қалады немесе жұмыс ісмтеуін мүлдем тоқтатады.
Вирус-атауының өзі мұндай программаға бекер жапсырылып отырған жоқ. Компьютерлік вирустар тірі организмды еске түсіреді. Тура осындай ауру тудыратын вирустар адам денесінің әр түрлі органдары мен клеткаларында жасырынып жатады. Әдеттегі вирустар сияқты компьютерлік вирустар да жұқпалы, бұл арада ол тірі организмдердегі вирустар тәрізді болады, ал кейбір вирустар көбейгіш келеді, яғни көбеюге бейім.
Вирустардың көбісі жалпыға орта желілер доменінде немесе тегін программалалы етуге, яғни программамен тегін қамтамасыз ету кезінде қалқаланып жасырынып жатады, алайда коммерциялық тұрғыдан таралатын программалардың көшірмесіне жария түрде еніп кетуі ықтимал. Толық заңды түрдегі программалы етуде жасырынып, сіздің жүйеңізге еніп кеткен вирустарды трояндық программа деп жиі атайды.
Вирустардың алуан түрлілігі. Вирустың көптеген түрлері болады. Оның кейбіреулері нақты ауқыт аралығында белсенділік танытатын болса, енді біреулері тек белгілі бер программаны іске қосқанда немесе нақты функцияның программасын орындау барысында бой көрсетеді. Космпьютерді жүктеу сәтінде белсенділік танытатын вирустар да бар.
Вирустардың бүлдіруші әрекеттері. Вирустар деректерді бүлдіреді, информацияны бұрмалап көрсетеді, компьютерлік программаның орындалу барысы мен тәртібін өзгертіп жібереді, компьютердің өздігінен жүктелуіне әкеп соғады немесе монитордағы кескінді бұрмалап көрсетеді.

2. Антивирустык программалар
Вирустардан қорғайтын программалр мыналарға бөлінеді:
Детектор-программасы вирустарды табады;
Иммунизатор-программасы вирустар оны бүлдірдік деп санайтындай етіп программаны өзгертеді. Көптеген вирустар екінші мәрте файлды бүлдіре алмайды, өйткені иммуниттеу вирустардың мұндай Бір жолғы әрекетінен қорғауға мүмкіндік береді;
Фаги-программасы вирустарды тауып қана қоймай, олардың көзін құртады, яғни оларды жояды. Егер программа әр түрлі вирустарды құрта алатын болда, онда оны әдетте полифан деп атайды. Кейде вирустарды жойғаннан кейін бүлінген файлды бұрыңғы қалпына келтіруге болады. Ал бастапқы, қалпына келмеген файлды емделмейтін, яғни жөнделетін файл деп атайды. Мұндай жағдайда емделмейтін файлды жойып, жоқ қылу керек. Сонымен қатар, мұндай жағдайда дискетке жазып алудан қорғалатындай етіп орналастырылған программаның таза резевтік көшірмесі қажет болады.
Сүзгі-программасы компьютер қосылғаннан кейін ұдайы жұмыс жағдайында болады және қалыпты жұмыс істеп тұрған компьютерде сәл ауытқу пайда болса, қатер төнгенін білдіріп, бірден дабыл қағады. Бұл компьютерге, яғни программаға еніп кеткен вирусты ерте тауып, сол кірген сәттегі алғашқы кезеңінде-ақ оның бүлдірушілік әрекеттерін асқындырмай, алдын алып, неғұрлым залалсыздандыруға ұмтылады.
Бүгінгі таңда ең танымал антивирустық құралдарға Norton AntiVirus, AVP, Aidstetst, Adinf, Doctor Web антивирустық программа құралы компьютердің жадында сақтау программадағы белгілі вирустарды іздестіріп, табылған вирустарды дискіден алып тастауды орындайды. Сондай-ақ компьютер дискілеріндегі жүйелі аймақтың және файлдардың эвристикалық талдауын жүзеге асырады. Эвристикалық талдауыш дестенің маңызы айрықша элементі болып табылады. Ол программадан белгісіз болып келген бұрыңғы және жаңадан пайда болған компьютерлік вирустарды мүмкіндік береді.

Бақылау сұрақтар:
1.Вирустар және олардың түрлерi.
2.Бүлiнген және вирус жұққан файлдар.
3.Компьютерлiк вирустардың қысқаша жiктелуi.
4.Компьютерлiк вирустардан сақтанудың негiзгi тәсiлдерi.

Автор публикации

не в сети 2 месяца

Администратор ресурса

Здравствуйте. Если у Вас возникают какие-либо вопросы касательно работы сайта, то вы можете написать на электронную почту admin@learn-more.kz
Комментарии: 24Публикации: 275Регистрация: 25-01-2017

Добавить комментарий