[Саясаттану] – Қазақстан саяси ойларының тарихы

Қазақстан саяси ойларының тарихы

Дәріс жоспары:
1. Казахстан саяси ойларының қалыптасу мен дамуы
2. ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси козқарастары
3. ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы саяси ойлар

Қазақстандағы саяси ойлардың қалыптасуы мен дамуы. Жүсіп Баласағұни, Қорқыт Ата, Қожа Ахмет Яссауидің көзқарастары. Фольклор – қазақ халқының саяси ой-пікірлерінің қайнар көзі. Тәуке хан заңдары. «Жеті жарғы» – маңызды саяси құқықтық құжат. ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары. (Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев). ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси ойлар. Ә.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың, М.Шоқайдың, М.Тынышпаевтың, Х.Досмұхамедовтың, Т.Рысқұловтың, М.Жұмабаевтың, С.Сейфулиннің және т.б. саяси идеялары.
Қазіргі жағдайдағы Қазақстандағы саяси ой-пікірлердің ерекшеліктері мен негізгі бағыттары.

1. Қазақтың бірінші философы, әлеуметтанушысы, математигі, астрономы, физигі, ботанигі, логика және тіл маманы, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан Әл-Фараби 870-950 жылдары өмір сүрді. Бабамыз ғылымның сан саласы бойынша 160-тан астам трактаттар жазып, артына мол мұра қалдырды. Саясаттануға байланысты “Рахымды қала тұрғындарының көзқарастары”, “Азаматтық саясат”, “Бақытқа жету жолдары”, “Саясат туралы” деген еңбектері бар. Әл-фараби басқаруды қайырлы және қайырсыз етіп екіге бөлді. Қайырлы, білімді, мәдениетті басқару халықты бақытқа бастайды, олардың іс-әрекетін, ерік-қасиетін осы жолға бағыттайды. Ол үшін басқару заң күшіне, игі тәжірибеге негізделуі тиіс. Ал, қайырымсыз, надан басқаруда теріс әрекеттер мен жаман қасиеттер бой алады. Сондықтан ол надан адам басқарған, озбырлыққа сүйенген, қайырымсыз, қатал мемлекеттік тәртіпті өткір сынайды.Ол мінсіз мемлекетті уағыздайды.

Жүсіп Хасхаджиб Баласағұни (1021-1075) аты әлемге әйгілі ақын , философ, қоғам қайраткері болған. Ол туралы мағлұматтарды біз оның өзінің
негізгі еңбегі “Құтадғу білік” (Құтты білік) дастанынан білеміз. “Құтадғу білікте мемлекетті орталықтандыру, оның бірлігі, мемлекетті басқару мәселелеріне басым көңіл бөлінген. Ол-тек саяси трактат қана емес, онда өмірдің мән-мағынасына, адамның тағдыры, оның қоғамдағы орны мен ролі, халықтың мінез-құлқы, салт-санасы, дет-ғұрпы және т.с.с. туралы көзқарастар жинақталған үлкен шығарма. Ол шындыққа, бақытқа жетудің адамгершілік жолдарын іздейді. Әділет,ақыл,рақымдылықты жырлайды.Өмірде әділ заңды, еркіндікті аңсайды.

Махмуд Қашғари “Диуани лұғат-ат-түрік” (“Түркі сөздерінің жинағы)” еңбегінің негізгі идеясы әскери,табиғат, адамгершілік,махаббат, рухтық-этикалық, тұрмыстық оқиғалар да сөз болады. Махмуд Қашғаридің шығармаларынан түркі тайпаларының ХІ ғасырдағы әлеуметтік-саяси жағдайы, олардың отырықшылыққа көшіп, қала мәдениетін қабылдағаны, мемлекеттік-әкімшілік дәстүрге зор мән бергені көрінеді.
Қожа Ахмет Ясауидің (1093-1157) басты еңбегі “Диуани Хикмет” (“Даналық жайындағы кітап)” көне қыпшақ тілінде жазылған, 4 мың 400 жолдан тұратын әдеби-философиялық мұра. Осы шығармасында ол әділдік, шапағаттық, мейірімділік, шыншылдық, ойлылық, тазалық секілді игі істерге, яғни, Абай айтқандай “бес нәрсеге асық, бес нәрседен қашық” болуға шақырады.

2. ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында саяси идеология ретінде ағартушылық кең өріс алды. Бұл кезде қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы-демократ, саяхатшы, этнограф, Орта Азияның, Қазақстанның, Батыс қытайдың тарихы мен мәдениетін зерттеуші Шоқан Уалиханов (1835-1865) өмір сүрді. Шоқан өз өмірінің негізгі мақсаты- халыққа қызмет ету, оның мақсат-мүддесін патша шенеуніктері мен жергілікті байлардың зорлық-зомбылығынан қорғау, қолынан келгенше оның рухани және мәдени өркендеуіне ықпал жасау деп білді.
Шоқан Азия мен Қазақстан жағдайында халықты аяусыз қанап, соның нәтижесінде билеп-төстеушілердің орынсыз баюына жол ашатын нәрсе-олардың қолындағы шексіз билік деп ұқты.Сондықтан халықты қанаудан құтқару үшін бай-манаптардың билігін жою немесе тым болмаса олардың саяси үстемдігін шектеп, бұқара халықтың демократиялық құқығы мен бостандығын кеңейтпек болды.

Бұл кезде қазақ халқынан шыққан ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) де өмір сүрді. Ол тек білім, ағартушылық қана бұқара халықты билеп-төстеушілердің қысым-қыспағынан құтқара алады. Адамдардың ойындағы бос қиялдардан арылып, дүниенің ақиқатына көздерін ашып, шын мәнінде алға жылжитын, прогрестік жолға түсіруге тырысты. Ыбырай “Қазақ даласындағы жұт” деген еңбегінде халқының болашағы отырықшылыққа көшу және егін шаруашылығымен айналысуда деп атап көрсетті. Бірақ оны өз еркімен, ықтиярымен біртіндеп істеуге тиіс. Сондықтан көшпелі қазақтарды күшпен отырықшылыққа айналдыруға болмайды деп, үзілді-кесілді қарсы шықты.

Бұл кезде қазақтың кемеңгер данасы, заңғар ақыны, асқан ағартушысы, жазба әдебиетіміздің негізін салушы Абай Құнанбаев (1845-1905) та өмір сүрген еді. Абай қазақ даласында барлық жақсылықтың, жаңалықтың жаршысы болды. Абай қазақ даласында барлық жақсылықтың, жаңалықтың жаршысы болды. Ол адамды “ақыл, білім, ерік” жоғары дәрежеге көтеріп, асқақтататындай қоғамның прогрестік дамуын аңсады. Игілікті, парасатты қоғам орнату Абай еңбектерінің басты бағыттарының бірі болды. Сондықтан ол барлық адамдарды өзіңді өмірде қалай ұстадың, игілікке, ақылға сыйымды іс істедім бе деп күніне немесе аптасына, тым болмаса, айына бір рет өз-өзіне есеп беруге шақырады.

Қазақ халқының саяси санасының дамуына ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында пайда болған алғашқы интеллегенттік топ та зор ықпал етті. Оларға: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мыржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Мұхамеджан тынышбаев, Мағжан Жұмабаев, Бақытжан Қаратаев, Халел және Жаханша Досмұхамедовтар және т.б. жатады. Олар ресейдің отаршыл саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалысын басқарып, қазақ халқының ұлттық бірлесуін мұрат етті. Алаштың білімді де білікті асыл азаматтары қызыл империяның құрбаны болып кетті. Бірақ олардың ісі, саяси мұраты өлген жоқ.

Шарль Луи Монтескье (1689-1775) «Заңдар рухы» атты еңбегінде алғаш геосаяси тұжырымдаманың негізін салған. Оның ойынша, әртүрлі факторлар: климат, георграфиялық орта, заң, дәстүр, дін тағы да басқалардың әсерінен халықтық рух қалыптасады. Оны қазіргі тілмен менталитет деп атайды.
Бостандық – заң неге ерік берсе, соны істеу. Бостандықты баянды ету мақсатында және төңкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлу керек деп есептеген.

Жан Жак Руссо (1712-1778) тек теоретик қана емес, қоғам қайраткері болған адам. Оның ойынша алғаш адамдар өздерінің тұлғалық қасиеттерін ортақ игілік үшін қоғамға бере отырып, мемлекетті қалыптастырады, ал кейіннен сол мемлекет өзінің заңдары мен нормалары арқылы азаматтарын қайта тәрбиелеп шығарады. Адами құндылықтар тек мемлекет пайда болғаннан соң өмір келген деп есептейді.
Гаэтано Моска (1853-1941) итальян саясаттанушысы «Басқарушы тап» атты еңбегінде, қоғамның басқарушыларға және бағынушыларға бөлінетінін көрсетеді. Алғаш рет элита теориясының негізін қалайды. Халықты ұлттық және діни сезімдерге негізделген идеяларды пайдалана отырып басқаруға болады, ол халықты алдау деп элитаның негізгі қызметін сынайды.

Ханна Арендт (1906-1975) австриялық саясаттанушы. «Тоталитаризм тамыры» атты еңбегінде тоталитаризмнің пайда болуын және мәнін зерттеген. Тоталитаризмді үшке
өледі: коммунизм, национал-социализм, фашизм. Тоталитаризмнің тек ХХ ғасырға тән құбылыс екенін дәлелдейді.
Морис Дюверже (1917 ж туған) француз саясаттанушысы. Еңбегі: «Саясат идеясы». Саясатқа мынадай анықтама береді: «Саясат, бір жағынан алып қарағанда әділдікті орнатушы күш, ал екінші жағынан идеялар мен принциптер арасындағы келіспеушілік». Дау-жанжалдың екі түрін көрсетеді: горизанталды және вертикалды.

Өз-өзін тексеруге арналған сұрақтар:
1. Жүсіп Баласағұни, Қорқыт ата, Қожа Ахмет Яссауидің көзқарастары.
2. Фольклор – қазақ халқының сяаси ой – пікірлерінің қайнар көзі
3. ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси ойлар.
4. ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы саяси ойлар.
5. Қазіргі жағдайдағы Қазақстандағы саяси ой-пікірлердің ерекшеліктері мен пегізгі бағыттары.

Бүкіл кешенді біздің сайттан жүктеуге болады: сілтеме

Басқа ақпаратты әлеуметтік желілерден жүктеуге болады: Instagram , Вконтакте

Автор публикации

не в сети 2 месяца

Администратор ресурса

Здравствуйте. Если у Вас возникают какие-либо вопросы касательно работы сайта, то вы можете написать на электронную почту admin@learn-more.kz
Комментарии: 24Публикации: 275Регистрация: 25-01-2017

Добавить комментарий