ІТ-жобалар фестивалі

«ІТ-жобалар фестивалі» байқауының нұсқаулығы

1. Жалпы ережелер
1.1 Байқау, Қазақстандық техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің (TжКББ) студенттері арасында компьютерлік шығармашылығын дамыту үшін, LEARN-MORE.KZ порталмен өткізілуде.
1.2 Байқаудың мақсаты: Қазақстан Республикасының талантты жастардың зияткерлік, шығармашылық және компьютерлік технологиялардың арқасында эстетикалық дамуын шығару және қолдау.
1.3 міндеттері:
– студенттердің ақпараттық және компьютерлік технологиялар саласындағы жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру;
– білім алушылардың заманауи қоғамның өзекті мәселелерін шешуге шығармашылық қызығушылығын.

2. Байқаудың өту мерзімі мен тәртібі
2.1 Байқау жұмыстары 2019 жылдың 24 ақпанына дейін, learn-more.kz@mail.ru. электрондық мекен-жайы бойынша қабылданады.
2.2 Ұйымдастыру комитетіне, 2019 жылдың 24 ақпанынан кеш келген, сонымен қатар талаптарға сай келмейтін, байқау мәліметтері қарастырылмайды.
2.3 Байқауға ұсынылған жұмыстар қайтарылмайды. Байқауды ұйымдастырушылар, байқау мәліметтерін БАҚ-на авторын көрсете отыра, сайтқа жариялауға құқылы.
2.4 Байқау қорытындысы 2019 жылдың 28 ақпанында, LEARN-MORE.KZ сайттың парақшасында шығады.

3. Қатысушылар және байқау талаптары
3.1 Қатысушалар, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің 1-4 курс аралығындағы студенттер болып табылады.
3.2 Байқау жұмыстарының тақырыбы:
– Қазақстанның болашағы.
– Цифровизация
– Бұл қызық.
– Болашақ инновациялар.
3.3 Байқауға ұсынылған жұмыстар, тақырыбына, мақсатына және Байқау міндеттеріне сай болуы тиіс.
3.4 Әр қатысушы, байқау жұмыстарының шектеусіз санын жібере алады. Байқауға жеке немесе ұжымдық жұмыстар қабылданады.
3.5 Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі.
«Компьютерлік анимация» номинациясы (екі өлшемді, үш өлшемді анимация)
Бағалау қағидалары:
– Дизайны;
– Орындалу күрделілігі;
– Ойдың ұтқырлығы;
– Өзектілігі.

«Ең үздік презентация» номинациясы (PowerPoint, Prezi)
Бағалау қағидалары:
– Ойдың ұтқырлығы;
– Жаңашылдығы;
– Тәжірибелік маңыздылығы;
– Эстетикалық безендірілуі.

«Бағдарламалау» номинациясы
Байқауға келесі санаттағы жұмыстар қабылданады:
– ойындар;
– бағдарлама -жаттықтырушылар;
– оқытушы бағдарламалар;
– web-қосымшалар;
– тәжірибелік қолданысқа ие басқа да бағдарламалар.

Бағалау қағидалары:
– Интуитивті – түсінікті интерфейс;
– Құрылымдылығы;
– Ойдың ұтқырлығы;
– Өзектілігі және жаңашылдығы;
Тәжірибелік маңыздылығы;

4. Мәліметтерді ұсыну тәртібі
4.1 Байқауға қатысу туралы арыз 2019 жылдың 24 ақпанына дейін қабылданады (1 қосымша).
4.2 Байқауға қатысу туралы арызбен бірге, жоба және оның сипаттамасы ұсынылады: тақырыбы, құру мақсаты, номинациясы, жұмыстың авторы, жобаның жетекшісі, жобаны құрудағы техникалық және шығармашылық құралдар туралы ақапарат, тәжірибелік маңыздылығы .
4.3 Ғаламтор желісінен алынған жұмысты және өзге біреудің жұмысын қолдануға қатаң тыйым салынады.

5. Байқау қорытындысын шығару және Жеңімпаздарды марапаттау

5.1 Байқау қорытындысы бойынша, әділ-қазы алқасы Байқау жеңімпаздарын анықтайды.
5.2 Байқаудың Жеңімпаздары марапаттау қағаздарымен, олардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады.

Автор публикации

не в сети 3 недели

Администратор ресурса

Здравствуйте. Если у Вас возникают какие-либо вопросы касательно работы сайта, то вы можете написать на электронную почту admin@learn-more.kz
Комментарии: 24Публикации: 287Регистрация: 25-01-2017

Добавить комментарий