[Саясаттану] – Билік саяси феномес ретінде

Билік саяси феномес ретінде
Дәріс жоспары:
1. Билік ұғымы.
2. Билік тұжырымдамалары.
3. Билік құрылымы
4. Биліктің легитимді типтері

Саяси билік саясаттың аса мағызды проблемасы болып табылады. Билік – адамзат қаумдастығының, адамдар өмірінің негізгі бастауларының бірі. Қоғам бар жерде биліктің де болатындығы дәлелсіз шындық. Бұған баска тұрғыда қөз салсақ – билік жұргізу үшін сол билікке мойын ұсынатын қоғам қажет.
Алғашқы қаумдық қоғамда билік қоғамдық сипатта болды. Жеке меншіктің пайда болу себебінде әлеуметтік бөлшектену өрістенеді және мемлекет пайда болады. Бұның бәрі құлдық қоғамда саясат, саяси биліктің пайда болуына әкеледі. Сондықтан саяси биліктің пайда болуын қазіргі саясаттануда мемлекеттің пайда болуымен байланыстырады. Саяси билік биліктің ең басты түріне жатады. Биліктің баска түрлерімен салыстырғанда саяси биліктің мынадай ерекшеліктері бар: оның өктемдік сипаты ( ол басқа биліктерден жоғары тұрады, оның шешімдерін қалғандары орындайды), оның бүкіл қоғамның атынан билік жүргізуі, басқарумен кәсіби айналысатын адамдардың ерекше тобынан болуы, оның көпшілік адамдардың мүддесін қозғауы, басқа мекемелерге қарағанда билік орғандарының тәуелсіздігі, қоғам өмірінің жұмыс тәртібін белгілеуде жеке – дара құқығы, мемлекет шеңберінде ашық күш қолдана алуы және т. Б.
Саяси билік бар жерде теңсіздік бар. Саяси биліктің қарамағында теңсіздікті қамтамасыз ететін әдіс – құралдары бар. Оған жататындар:
1. Экономикалық қор. Оған қаржы – қаражат, қоғамдық өндіріс пен тұтынуға керек басқада материалдық кұндылықтар, құнарлы, шұрайлы жерлер, пайдалы қазба байлықтары және т. Б. Кіреді.
2. Әлеуметтік әдіс – құралдар. Үстемдік етіп отырған билік өзін қолдайтын, оның одан әрі өмір суруіне мүдделі адамдарды іздейді: мәртебелі, абыройлы, жалақысы мол қызметтерді атқаратын, коптеген жеңілдіктермен пайдаланатын қызметкерлер.
3. Күш жүмсау құралдары. Олар мемлекетті қорғайды, ішкі тәртіпті сақтайды, саяси билікті құлатуға әрекет жасаушыларға мүмкіндік бермейді. Оған жататындар: әскер, полиция, қаупсіздік органдары, сот, прокуратура, және т. Б.
4. Ақпарат құралдары. Қоғамдық пікір тудырып, саяси өмірге ықпал ету оны төртінші билік деп атайды. Кейбір саяси кайраткерлер кім теледидарды бақыласа, сол бүкіл
елді бақылай алады деп санайды. Радио, теледидар, баспасөз арқылы адамдар өз елдеріндегі жағдайды ғана емес, дүние жүзінде не болып, не қойып жатқанын қөріп – біліп отырады.
9. Информациялық қор. Білім мен ғылыми мағлуматты алу, оларды тарату бүгінгі таңда алдынғы қатарлы орындарға шығуда. Кейбір ғалымдардың айтуынша, информация кімнің қолында болса, XXI ғасырда билік соның қолында болады дейді.
Саяси билік әлеуметтік институттар арқылы жұмыс істеді. Ол үйымдар, мекемелер, техникалық, информациялық, адамдық жәйттар, қоғамдық қатынастарды ұйымдастыру мен реттеуді қамтамасыз ететін ережелер арқылы іске асады.
Биліктің қайнар көздеріне, бастауына бедел, күш, сендіру, байлық, заң, адамның қоғамдағы алатын орны, ұйым, мүдде, білім және хабарлама мәліметтер (информация) жатады.
Білік жүзеге асырғанда құқық, бедел, сендіру, әдет – ғурып, дәстур, амал – айла, қулық, күштеу, зорлау, еріксіз көндіру сияқты әдіс – амалдыр пайдаланады. Оны жүзеге асырудың түрлеріне үстемдік жүргізу, басшылық ету, үйлестіру, ұйымдастыру, бақылау жатады.
Саяси билік таптық, топтық, жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Мемелекеттік билікке барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке – дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси билікьің түрі жатады. Саяси биліктің мағнасы мемлекеттік биліктен кең. Себебі, біріншіден, саяси билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған. Екіншіден, саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар сияқты саяси жүйенің басқа элеметтері аркылы да билігін жүргізеді. Үшіншіден, мемлекеттік билік ерекше күштеу аппаратына сүйенеді және оның билігіне қоғамның барлық мүшелері тегіс бағынады. Мемлекеттік билік саяси биліктің ең жоғары, ең толық, ең дамыған түрі, оның өзегі болып табылады.
Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның легитимлігінен білінеді. Легитимдік (латын тілінде заңдылық, шындық деген мағнаны білдіреді) дегеніміз халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы.
Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін екі шарт қажет:
1) ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және қөпшіліктің еркіне қарай орындалуы керек және мемлекеттік биліктің иесін түра немесе жанама бір мезгілге халық сайлауы керек;
2) мемлекеттік билік конституция бойынша ғана жүзеге асырлуы керек.
Немістің көрнікті ғалымы Макс Вебер легитимдіктің үш түрін көрсетті:
1. Әдет – ғұрыптық легитимдік. Ол ерте заманнан бастап халықтың санасына сінген және дұрыс деп тапқан салт – дәстүрлерге сүйенеді.
2. Харизматикалық легитимдік. Халық, ерекше адалды, өте қабілет – қасиетті адамдға сеніп, оны басшы етіп жариялап, толық оған беріліп, соның соңынан ереді. Харизма деген көсемге, мемлекеттік басқарушының жеке басына табыну деген мағынаны білдіреді.
3. Ақыл – парасаттың, құқықтың легитимдігі. Саяси билік қазаргі саяси құрылым орнатқан құқықтық ережелерге, тәртіптің ақыл – ойға сыйымдылығына негізделеді.
Шығыс елдердің саяси қайраткерлері биліктің легитимдігіне зор назар аударады. Себебі, халық қазіргі үстемдік етіп тұрған саяси тәртіпке сенуі керек. Сонда ғана оны жұртшылдық қолдайды және ол тиімді қызмет атқарады.
Мемлекеттік құқықтық тәртіптің легитимдігінің ең биік дәрежесіне конституция жатады. 1995 жылғы 30 тамызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы саяси билікке нақтылы легитимдік берді. Онда Қазақстан Республикасын демократиялық, зиялы,
құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жариялады. Оның ең қымбат қазнасы адам және адманың өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Мемлекеттік биліктің бірден – бір бастауы – халық. Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе – теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс – кимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады. Республика Президенті мемлекет басшысы, оның ең жогыры лауызымды тұлғасы болып табылады. Ол – халык пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандыктарының рәмізі әрі кепілі. Парламент – заң шығару функциясын жүзеге асыратын республиканың ең жоғары окілді органы. Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыруға арналған. Конституциялық Кеңес республиканың бүкіл аумағында ҚР Конституциясы үстінен қарауды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган болып саналады. 2005 жылы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті сайланды. Бұл окиға Қазақстанда демократияның алга басып дамығанын дәлелдеді.

Бақылау сұрақтары:
1. Қоғам биліксіз өмір сүре ала ма?
2. Биліктің қандай анықтамаларын білесіз?
3. Биліктің қорына нелер жатады?
4. Егемендік деген не?
5. Биліктің легитимділігіне не жатады?
6. Билік легитимділігінің қандай түрлерін білесіз?
7. Саяси билік пен мемлекеттік биліктің айырмасы неде?
8. Қазіргі Қазақстандағы билік легитимділігінің түрі қандай?
9. Қазақстандағы қазіргі саяси тәртіп биліктің қандай түрлерін
пайдаланады?

Бүкіл кешенді біздің сайттан жүктеуге болады: сілтеме

Басқа ақпаратты әлеуметтік желілерден жүктеуге болады: Instagram , Вконтакте

Автор публикации

не в сети 2 месяца

Администратор ресурса

Здравствуйте. Если у Вас возникают какие-либо вопросы касательно работы сайта, то вы можете написать на электронную почту admin@learn-more.kz
Комментарии: 24Публикации: 287Регистрация: 25-01-2017

Добавить комментарий