Программалық жабдықтар мен ДК-нің негізгі технологиялары

Программалық жабдықтар мен ДК-нің негізгі технологиялары. Қолданбалы программар пакеті.
Мақсат:
Жоспар:
1. Программалық жасақтаманың құрылымы.
2. Жүйелік программалар.
3 Қызметтік программалық жасақтама.
4. Қолданбалы программалық жасақтама.

1. Программалық жасақтаманың құрылымы.
Программа деп реттелген командалар тізбегін айтады. Кез-келген компьютерлік программаның негізгі атқаратын қызметі-аппарттық құралдары басқару. Аппараттық және программалық жасақтама үнемі өзара тығыз байланыста болады.
Программалық жасақтама бірнеше сатылардан тұрады: негізгі, жүйелік, қызметтік және қолданбалы.

Негізгі программалық жасақтама аппараттық құралдармен өзара байланыста болады.

2. Жүйелік программалар.
Жүйелік программалар компьютерлік жүйенің аппараттық жасақтамасымен өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Нақты бір құрылғымен байланысты жүзеге асыратын программа драйвер деп аталады. Мұндай программалық құралдар қолданушы интерфейсін қамтамасыз ету құралдары деп аталады.
Жүйелік программа деректерді өңдейтін компьютерлік технологиялардың барлық түрін пайдалану барысында орындауға тура келетін көмекші жұмыстардың көбісін аппараттық құралдармен автоматтандырады. Жүйелік программа тобына операциялық жүйе, операциялық қоршам, архиватор, антивирустық программа және т.б. кіреді.

3 Қызметтік программалық жасақтама.
Қызметтік программалық жасақтама. Ол негізгі сатыдағы программалармен де, жүйелік сатыдағы программалармен де тығыз байланыста болады. Қызметтік программалар компьютерлік жүйені тексеру, баптау, және жөндеу жұмыстарын автоматтандырады. Сонымен қатар олар жүйелік программалардың қызметін жақсарту мен кеңейту үшін қолданылады.
Қызметтік программалық жасақтама тобына мыналар кіреді: программа мәтінін машина тіліне аударуды жүзеге асыратын әр түрлі алгоритмдік тілдердің трансляторлары; программаның жекелеген бөліктерін біріктіріп, бір бүтін тұтас ететін байланыстырушы редакторлар, сондай-ақ жөндеуді – оның көмегімен программаны жазу барысында кеткен қателіктер табылып, жойылады; ыңғайлы жасауы үшін жоғарыда аталған компоненттерді біріктіретін әзірлеушілердің интеграциялық ортасы.

4. Қолданбалы программалық жасақтама.
Қолданбалы программалардың – бұл деректерді өңдеудің информациялық технологиясы қолданатын белгелі бір саладағы міндеттері немесе міндеттер тобын шешуге арналған программа.
Қолданбалы программалардың көмегімен өндірістік, шығармашылық, оқыту және т.б. мақсатта нақты жұмыстар атқарылады.
Көптеген қолданбалы программалардың дестесі біршама дәрежеде пайдаланушының информацияны түрлендірудегі белгілі бір процедураны орындайтын қолайлы әрі қарапайым құралдардына қол жеткізуіне мүмкіндік беретін интерактивті ортаны бірдіреді.
Қолданбалы программалардың дестесінің көбісі дербес компьютер үшін жасалатын айта кету керек. Көптеген қолданбалы программалардың дестесінің арасынан мыналарды атауға болады: мәтіндік редактор, графикалық редактор, электрондық кесте,и деректер базасының басқару жүйесі, жинақталған жүей, сараптық жүйе, HTML редакторы, броузеры, қаржылық талдау жүйесі, бухгалтерлік программа, корректор, аудармашылар және электрондық сөздік.

Бақылау сұрақтар:
1. Программа деп нені айтады?
2. Программалық жасақтама деген не?
3. Жүйелік сатыдағы программалар қандай қызмет атқарады?
4. Қызметтік программалар деп нені айтады?
5. Қолданбалы программалар не үшін қолданылады?
6. Өзіңіз білетін қолданбалы программалардың түрлерін атаңыз.

Автор публикации

не в сети 2 месяца

Администратор ресурса

Здравствуйте. Если у Вас возникают какие-либо вопросы касательно работы сайта, то вы можете написать на электронную почту admin@learn-more.kz
Комментарии: 24Публикации: 287Регистрация: 25-01-2017

Добавить комментарий